Жаңаөзен қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/113 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 наурызда № 4683-12 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаөзен қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 3 пайызға дейін төмендетілсін.

      2. "Жаңаөзен қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 9/80 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4648-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Г. Байжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады