Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/111 "Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 қазандағы № 20/159 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 қазандағы № 4737-12 болып тіркелді

      Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы №14/111 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4693-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 1 қосымшада:

      5-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні:

      жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Г. Байжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды

      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады