Мұнайлы ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 1 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімінің 2024 жылғы 18 шілдедегі № 6-ш шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 шілдеде № 4721-12 болып тіркелді

      Мұнайлы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Мұнайлы ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы №1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3777 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      № 222 сайлау учаскеcі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 222 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Батыр ауылдық округі, Батыр ауылы, Алматы шағын

      ауданы, № 5 көше, 11/5 "Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 15 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Батыр ауылдық округі, Алматы шағын ауданының №1, 2, 3, 4 көшелерінің барлық тұрғын үйлері, Болашақ шағын ауданының барлық тұрғын үйлері.";

      №257 және №258 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 257 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Батыр ауылдық округі, Батыр ауылы, Емір шағын ауданы, № 6 көше, 44А "Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 10 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Батыр ауылдық округі, Астана шағын ауданының барлық тұрғын үйлері, Шерқала шағын ауданының №1, 2, 3, 4, 5, 6 көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      № 258 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Батыр ауылдық округі, Батыр ауылы, Алматы шағын ауданы, № 5 көше, 11/5 "Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 15 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Батыр ауылдық округі, Алматы шағын ауданының №5, 6, 7, 8, 9 көшелерінің барлық тұрғын үйлері, Самал шағын ауданының барлық тұрғын үйлері.";

      №265 сайлау учаскесімен толықтырылсын:

      "№ 265 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Батыр ауылдық округі, Батыр ауылы, Тамшалы шағын ауданы № 8 көше, №66А "Азимут" жеке меншік мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: Батыр ауылдық округі, Тамшалы шағын ауданының барлық тұрғын үйлері, Шерқала шағын ауданының №7, 8, 9, 10, 11, 12 көшелерінің барлық тұрғын үйлері.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы ауданының әкімі Е. Кумискалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

       Мұнайлы аудандық

       сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады