Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 429 "Қостанай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 28 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 қаңтарда № 10131-10 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 429 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24442 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы:

      келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Рудный қаласы

      ";

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолмен толықтырылсын :

      "

24

Тобыл өзені

Қалалық жағажай

Рудный қаласы, Парковая көшесі, 53

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      комитетінің Қостанай облысының

      Санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Су

      ресурстары және ирригация

      министрлігі Су шаруашылығы

      комитетінің Су ресурстарын

      пайдалануды реттеу және қорғау

      жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік

      инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесі

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Экология,

      геология және табиғи ресурстар

      министрлігі Экологиялық реттеу және

      бақылау комитетінің Қостанай облысы

      бойынша Экология департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады