Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 221 "Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 199 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 мамырда № 10207-10 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" 2021 жылғы 4 мамырдағы № 221 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9897 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлер 47-1, 58-1-жолмен толықтырылсын:

      "

47-1

"Амангелді" оқшау су құбыры

      ";

      "

58-1

"Раздольное" оқшау су құбыры

      ";

      "

Рудный қаласы

      "

      жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "

Федоров ауданы

      ";

      реттік нөмірі 59 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

59

"Пешков" оқшау су құбыры

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады