Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 "Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 132 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 маусымда № 10221-10 болып тіркелді

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7518 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі - 55, 56 жолдармен толықтырылсын:

      "

55

Маршрут № 1 "Сигнал" дүкені - Орталық - Аудандық аурухана - ДСУ 20" (ауылдық (Әулиекөл ауданының Әулиекөл ауылы))

56

Маршрут № 2 "Әулиекөл – Аманқарағай - Әулиекөл" (ауданішілік (Әулиекөл ауданы))

      ".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады