Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 414 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 21 қазанда № 10289-10 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекітілсін";

      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі";

      келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 17-1, 113-1, 113-2, 225-1, 225-2, 353-1, 384-1, 384-2 жолдарымен толықтырылсын:

      "

17-1

Қостомар шатқалы

98

Алтынсарин

      ";

      "

113-1

Жарсор көлі

80

Бейімбет Майлин

113-2

Қайыңдыкөл көлі

126

      ";

      "

225-1

Алтын Дала ауылының жанындағы жарылғыш шұңқыры

4,2

Қостанай

225-2

Шанке көлі

33

      ";

      "

353-1

Қамыстыкөл көлі

130

Ұзынкөл

      ";

      "

384-1

Гуртовое көлі

7

Федоров

384-2

Тоқтас көлінің шығанағы

105

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады