"Қостанай қаласында мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" мәслихаттың 2021 жылғы 1 қарашадағы № 62 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 қарашадағы № 131 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 21 қарашада № 10309-10 болып тіркелді

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қостанай қаласында мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" мәслихаттың 2021 жылғы 1 қарашадағы № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25124 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Қостанай қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      шешімнің мемлекеттік тілдегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қостанай қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      мемлекеттік тілде көрсетілген шешіммен бекітілген 1-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Қостанай қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады