Мәслихаттың 2020 жылғы 25 тамыздағы № 510 "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 140 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 маусымда № 10230-10 болып тіркелді

      Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" 2020 жылғы 25 тамыздағы № 510 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9409 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы "Жиналыстарды, митингілерді және пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілер және оларға іргелес жатқан аумақтар;

      3) әкімшілік-аумақтық бірліктің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желілері, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады