Амангелді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 145 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 тамызда № 10261-10 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Амангелді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданы әкімінің міндетін атқарушы С. Ганиев

  Әкімдіктің
  2024 жылғы 22 тамыздағы
  № 145 қаулысына
  қосымша

Амангелді ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Амангелді ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 16 наурыздағы № 43 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5481 болып тіркелген);

      2. Амангелді ауданы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 43 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 17 маусымдағы № 143 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9273 болып тіркелген);

      3. Амангелді ауданы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 43 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 4 наурыздағы № 27 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9806 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады