Әкімдіктің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 43 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 143 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 маусымда № 9273 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Амангелді ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 16 наурыздағы № 43 қаулысына (2015 жылғы 3 сәуірде "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5481 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі А. Асанов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 17 маусымдағы
№ 143 қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 43 қаулысына
қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар

1

Ақсай ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

2

Амангелді ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қ. Әбенов атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

3

Амангелді ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

4

Амангелді ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

5

Амантоғай ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

6

Байғабыл ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

7

Есір ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

8

Жалдама ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Жалдама жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

9

Қабырға ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

10

Қарасу ауылы

ауылдық клуб ғимаратында

11

Қарынсалды ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Қарынсалды жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

12

Құмкешу ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

13

Степняк ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Степняк жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

14

Тасты ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Тасты жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

15

Үрпек ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің эстетикалық бағыттағы Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

16

Үштоғай ауылы

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Рассвет жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады