Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қарашадағы № 213 "Әулиекөл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін (Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 қарашада № 10313-10 болып тіркелді):
көрсетілген қаулының 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады."
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) әділет органдарында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Ж. Таукенов |