"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 28 тамыздағы № 530 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2024 жылғы 9 шілдедегі № 137 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 шілдеде № 10238-10 болып тіркелді

      Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 28 тамыздағы № 530 мәслихат шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9425 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында "Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар";

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасының 18 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды;

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасының 20 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;

      3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес аумақтар;

      4) пайдалану қауіпсіздік техникасының арнайы қағидаларын сақтауды талап ететін қауіпті өндірістік объектілерге және өзге де объектілерге іргелес аумақтар;

      5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес аумақтар.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г. Балбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады