Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қарашадағы "Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" № 282 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10312-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады."
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Бейімбет Майлин ауданының әкімі | К. Муржакупов |