Ұзынкөл аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 1 қарашадағы № 70 "Ұзынкөл ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 1 қарашадағы № 126 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 қарашада № 10304-10 болып тіркелді

      Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұзынкөл аудандық мәслихатының "Ұзынкөл ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 1 қарашадағы № 70 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 25179 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшаның 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ұзынкөл ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік -еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес әзірленді (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі – Шығындарды өтеу ережесі).";

      көрсетілген шешімге қосымшаның 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды жеке оқу жоспары бойынша өтеуді (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.";

      көрсетілген шешімге қосымшаның 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";

      көрсетілген шешімге қосымшаның 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шығындарды өтеу қағидаларына 1 немесе 2 – қосымшаға сәйкес, қызметтер мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу шығындарды өтеу қағидаларына 3 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2 - қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл аудандық мәслихаттың төрағасы Н. Булатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады