Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 13/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7332 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес көрсетілген шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы | И. Теренченко |
Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 120/11 шешіміне қосымша |
|
Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 13/2 шешіміне қосымша |
Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі
Р/с № | Қала және аудан атауы | Маршруттардың тізбесі |
1 | Павлодар қаласы |
"Олимпиядалық резерв бассейні" аялдамасы - "Северный бақшасы" аялдамасы; |
2 | Ақсу қаласы |
"Теміржол вокзалы" аялдамасы - "Ескі монша" аялдамасы; |
3 | Екібастұз қаласы |
"22-шағын аудан" аялдамасы - "Горно-ремонтные мастерские" аялдамасы; |
4 | Ақтоғай ауданы |
Шолақсор ауылы - Ақтоғай ауылы - Шолақсор ауылы; |
5 | Баянауыл ауданы |
Майқайың поселкесі - Баянауыл ауылы - Майқайың поселкесі; |
6 | Ертіс ауданы |
Қызылқақ ауылы - Ертіс ауылы - Қызылқақ ауылы; |
7 | Железин ауданы |
Железинка ауылы - Моисеевка ауылы - Железинка ауылы; Озерное ауылы - Железинка ауылы - Озерное ауылы; |
8 | Май ауданы | Ақшиман ауылы - Көктөбе ауылы - Ақшиман ауылы. |
9 | Аққулы ауданы |
Майқарағай ауылы - Аққулы ауылы; |
10 | Тереңкөл ауданы |
Тереңкөл ауылы - Ынталы ауылы - Тереңкөл ауылы; |
11 | Павлодар ауданы |
Жамбыл ауылы - Павлодар қаласы - Жамбыл ауылы; |
12 | Успен ауданы |
Дмитриевка ауылы - Қоңыр Өзек ауылы - Успен ауылы; |
13 | Шарбақты ауданы |
Шарбақты ауылы - Қосқұдық ауылы - Сахновка ауылы - Шарбақты ауылы; |
14 | Ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) |
Галицкое ауылы - Павлодар қаласы - Галицкое ауылы; |