Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы | И. Теренченко |
Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 135/14 шешіміне қосымша |
Мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 14 наурыздағы № 220/21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 болып тіркелген).
2. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 220/21 "Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 20 наурыздағы № 447/38 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6786 болып тіркелген).
3. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 220/21 "Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 қазандағы № 525/43 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7020 болып тіркелген).