Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы "Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" № 220/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 525/43 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 қарашада № 7020 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 135/14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 11.07.2024 № 135/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2), 4-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" № 235 бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы "Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" № 220/21 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларында:

      3-тармақтың 18) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "18) өтемдік отырғызу жоспары – отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;";

      28-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "28. Ағаштарды кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.";

      29-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "29. Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізіледі.";

      31-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "31. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жалпыға ортақ жерлерде жүзеге асырады.

      Заңды және жеке тұлғалар ағаштардың өтемдік отырғызу жұмыстарын аяқтаған соң ағаштарды кесуге рұқсат алу кезінде берілген кепілдік хатқа сәйкес уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы хабардар етеді.

      Екі жыл уақыт өткен соң уәкілетті орган ұласып өскен ағаштарды жасыл екпелер тізіліміне енгізеді.";

      көрсетілген шешімімен бекітілген Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында:

      3-тармақ келесі мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;";

      3-тармақ келесі мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;";

      5-1-тармақ алынып тасталсын;

      20-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "20. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген) 22-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17242 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58-тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.";

      31-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "31. Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы орындарға, сондай-ақ Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сай бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етіледі.";

      32-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "32. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген қалалар мен елді мекендердің аумақтарындағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы М. Бугубаев
      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Б. Бексеитова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады