Павлодар облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 295/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 желтоқсанда № 7620-14 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 4-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы "Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" № 15/1 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 26532 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны Павлодар облысының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы С. Батыргужинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады