Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы "Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 119/18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 134/20 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 шілдеде № 7567-14 болып тіркелді

      Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының "Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 28 наурыздағы № 119/18 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195211 болып енгізілді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 4-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы жергілікті өкілді орган белгілеген айырма ретінде және жергілікті өкілді орган белгілеген осы мақсаттарға аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 4-тармағының екінші абзацы және 7-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы М. Омаргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады