Ақсу қаласы әкімдігінің " Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 528/5 "Павлодар облысы Ақсу қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 774/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 қазанда № 7603-14 болып тіркелді

      Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 21 маусымдағы "Павлодар облысы Ақсу қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7359-14 болып тіркелген) № 528/5 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Павлодар облысы Ақсу қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

      1) электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғысы арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлем кезінде - 100 (жүз) теңге;

      2) қолма-қол ақшамен төлем кезінде жол жүру үшін - 200 (екі жүз) теңге.".

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Зеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі Н. Дюсимбинов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады