Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 80/8 "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 153/18 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 мамырда № 7538-14 болып тіркелді

      Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 13 қазандағы № 80/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7405-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      7-тармақтың 2) тармақшасының жеті абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Екібастұз қаласының емханалары ұсынатын тізімдер негізінде "I типті, II типті қант диабеті, атап айтқанда инсулинге қажеттілік нысаны" ауруымен зардап шегетін адамдарға - табысын ескермей бір рет 10 (он) АЕК мөлшерінде;";

      7-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатқа қоса "Ардагерлер туралы" Заңның 5 – бабының 1) тармақшасының тоғыз абзацында, 6 - бабының 2) тармақшасының екі, алты абзацтарында, 8-бабының 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін сауықтыруға -табысын ескермей бір рет 50 (елу) АЕК мөлшерінде;";

      7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатқа қоса тісті протездеуді алғандығын дәлелдейтін құжаттарын (орындалған жұмыстар акті, шот фактура) бере отырып өтініш негізінде "Ардагерлер туралы" Заңның 5 - бабының 1) тармақшасының тоғыз абзацында, 6-бабының 2) тармақшасының екі, алты абзацтарында, 8-бабының 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін тіс протездеуге-табысын ескермей бір рет 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде;";

      7-тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "16) Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатқа қоса (жылына бір рет) өтініш негізінде - "Ардагерлер туралы" Заңның 5-бабының, 1) тармақшасының жеті, сегіз, тоғыз абзацтарында, 6-бабының 2) тармақшасының екі, үш, алты абзацтарында, 8-бабының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін коммуналдық қызметтерге тоқсан сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н. Макраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады