Екібастұз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 17 шілдедегі "Екібастұз қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" № 559/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 695/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 тамызда № 7585-14 болып тіркелді

      Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің "Екібастұз қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" 2023 жылғы 17 шілдедегі № 559/7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7373-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Екібастұз қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленсін: Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге, жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Екібастұз қалалық

      мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады