Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 118/16 "Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс еңгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 143/22 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 қыркүйекте № 7600-14 болып тіркелді

      Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы "Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 118/16 шешіміне (Нормативтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7513-14 болып тіркелді) келесі өзгеріс еңгізілісін:

      Көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Ташенев

  Павлодар облысы
Ақтоғай аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
26 қыркүйектегі № 143/22
шешіміне қосымша

Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтоғай ауданының аумағындағы тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      2) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Көрсетілетін қызметті алушы отбасының жиынтық табысы қызмет беруші Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен айқындалған тәртіпте, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.

      3. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалған есепті-нормативтік шығындарды анықтау осы қызмет түріне тарифтер негізінде жүргізіледі.

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) жүзеге асырылады.

      5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жергілікті өкілді орган белгілеген 10 (он) пайыз мөлшерінде жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органмен белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2 - тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға он сегіз шаршы метрден кем емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      7. Электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормасын бір адамға айына - 110 (жүз он) киловатт мөлшерінде анықтау.

      Электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін - бір адамға айына 90 (тоқсан) киловатт.

      8. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелді).

3 - тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тоқсанына бір рет Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:

      1) Мемлекеттік корпорацияға: "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2 - бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      отбасының табысын растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      жұмыс орнынан анықтама не жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтер;

      банктік шот;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталына:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі не жұмыссыз адам ретінде тіркелгені туралы анықтама;

      балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      банктік шоттың электрондық көшірмесі;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;

      коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

      10. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан, немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар немесе 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден Қағидалардың 18-тармағында қарастырылған тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      12. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру тұрғын үй көмегін тағайындаушы көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жіберіледі.

      13. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан өткен тоқсанның тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге кеткен жиынтық кіріс пен шығыстар бойынша бір тоқсан мерзімге тағайындалады.

      Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 97 бабының 5 тармағына сәйкес айқындайды.

      14. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызмет беруші жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

      16. Азаматтарға тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады, егер оның алушысы коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi күтiп-ұстауға арналған төлемдерді мақсатты емес түрде пайдаланса және өз уақытымен жүргізбеген жағдайда.

      17. Өтініш иесімен тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соққан толық емес жалған мәлімет ұсынылған кезде, өтініш иесіне және оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады, ал алынған қаржы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайтарылыуы тиіс.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші артық немесе негізсіз төленген тұрғын үй көмегін төлеу фактісі анықталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге артық төленген немесе негізсіз төленген тұрғын үй көмегін қайтару қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады