Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы "Железин ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" № 62/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 97/8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 наурызда № 7505-14 болып тіркелді

      Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы "Железин ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" № 62/8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7417-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда, хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынаң 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин аудандық мәслихатының төрағасы Т. Даулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады