Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 қазандағы № 3/19 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 қарашада № 7608-14 болып тіркелді

      Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7432-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      5-тармақ жаңа редақцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      3) 26 сәуір – радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;

      4) 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

      5) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      6) 31 мамыр – Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      7) 30 тамыз –Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      8) 1 қазан – Қарттар күні;

      9) 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні;

      10) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.";

      8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган табысты есепке алмай көрсетеді:";

      8-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:

      15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарына (отбасыларына) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;

      26 сәуір – радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарға, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      9 мамыр – Жеңіс күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерге, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізінде оқитын мүгедектігі бар адамдарға 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізінде оқитын мүгедектігі бар адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;

      1 қазан – Қарттар күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарына 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарына 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      25 қазан – Қазақстан Республикасының күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан азаматтарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;";

      8-тармақ. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі: қазақ тілінде келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:";

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының төрағасы М. Хызыр

 

      КЕЛІСІЛДІ:
Павлодар облысының әкімдігі
_______________ А. Байханов
2024 жылғы "____"________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады