Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда № 7432-14 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Май аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың білім, деңсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының төрағасы М. Хызыр

  Май аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
30 қарашадағы № 2/6
шешіміне 1 - қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Май ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      5) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      6) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін ауыл, ауылдық округ әкімнің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 29.08.2024 № 1/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      3) 26 сәуір – радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;

      4) 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

      5) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      6) 31 мамыр – Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      7) 30 тамыз –Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      8) 1 қазан – Қарттар күні;

      9) 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні;

      10) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 22.10.2024 № 3/19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін ЖАО бекітетін ережелер негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына ардагерлеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлер;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      3) еңбек ардагерлері:

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдар;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      4) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);

      1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      5) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар;

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;

      6) мүгедектігі бар тұлғалар, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар;

      екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар;

      үшінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар;

      Қазақстан Республикасының колледжерінде ақылы негізінде оқитын мүгедектігі бар адамдар;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізінде оқитын мүгедектігі бар адамдар;

      7) жоғары оқу орындарында, интернатурада, резидентурада оқу үшін, арнайы комиссия шешімі бойынша әлеуметтік көмек алған студенттер;

      8) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын атаулы әлеуметтік көмек алатындар қатарынан көп балалы отбасылар, өтініш берген кезде жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасылар;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлікке залал келтіруге байланысты не әлеуметтік маңызы бар ауруларға тап болған азаматтар.

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар).

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 22.10.2024 № 3/19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган табысты есепке алмай көрсетеді:

      1) атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:

      15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарына (отбасыларына) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;

      26 сәуір – радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарға, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      9 мамыр – Жеңіс күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерге, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізінде оқитын мүгедектігі бар адамдарға 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізінде оқитын мүгедектігі бар адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;

      1 қазан – Қарттар күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарына 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарына 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      25 қазан – Қазақстан Республикасының күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде:

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан азаматтарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;

      2) бір жолғы әлеуметтік көмек:

      7-тармақ 1) тармақшасында, 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 50 (елу) АЕК мөлшерінде санаторлық-курорттық емделуге Үлгілік қағидаларының 12-тармағы 1) тармақшада көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      7-тармақ 2) тармақшасының төртінші абзацындағы, 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін 100 (жүз) АЕК мөлшерінде тұрғын үй-жайын жөндеуге және абаттандыруға тұрғын үйге (пәтерге) меншік құқығын растайтын құжат Үлгілік қағидаларының 12-тармағы 1) тармақшада көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде, әлеуметтік көмек екі жылда бір рет беріледі;

      Портал арқылы санаторий-курортық емделуге жолдаманы тандаған 7-тармақ 6) тармақшасының үшінші абзацындағы көрсетілген санат үшін 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде еріп жүретін адамның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына Үлгілік қағидаларының 12-тармағы 1) тармақшада көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды санаторлық-курортық емделуге ертіп жүруге 30 (отыз) АЕК мөлшерінде Үлгілік қағидаларының 12-тармағы 1) тармақшада көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын 7-тармағы 6) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санат үшін қатты отын сатып алуға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшада көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      7-тармақ 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін 100 (жүз) АЕК мөлшерінде, жағдайлар басталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей көрсету мерзімінде Үлгілік қағидаларының 12-тармағы 1) тармақшасы, 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде;

      әлеуметтік маңызы бар ауруларға тап болған (туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары), балалардың церебралдық параличі, миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай), ревматизм, дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары, нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары, орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары, орфандық аурулар) азаматтарға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі немесе Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында, 3) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      7-тармақ 8) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде Үлгілік қағидаларының 12- тармағы 1) тармақшасында, 3) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      7-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының екінші, төртінші абзацтарында, 4) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде (сауықтыруға) Үлгілік қағидаларының 12-тармағы 1) тармақшада көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      гемодиализ процедурасын алатын 7-тармақ 6) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін 30 (отыз) АЕК мөлшерінде Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі негізінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      7-тармақ 6) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар тұлғаларға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) 3 (үш) АЕК мөлшерінде Үлгілік қағидаларының 12-тармағы 1) тармақшада көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      7-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген санат үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде Май ауданы әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және өтініш беруші қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты шарт негізінде оқу кезеңінде тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне баруға;

      адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында, 3) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      туберкулез аурумен ауыратын тұлғаларға амбулаторлық емделу кезінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі негізінде.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 22.10.2024 № 3/19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:

      7-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқудың ңақты құны мөлшерінде Май ауданы әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және өтініш беруші қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты шарт негізінде;

      7-тармағы 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін қатты отын сатып алуға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында, 3) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 22.10.2024 № 3/19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін Павлодар облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 12-20 -тармақтарына сәйкес айкыңдалды.

      13. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

      3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Май ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      15. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      16. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      17. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Май аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
30 қарашадағы № 2/6
шешіміне 2 - қосымша

Май аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" № 2/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7256 болып тіркелген).

      2. Май аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі "Май аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 1/14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27765 болып тіркелген).

      3. Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі "Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" № 2/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 1/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7330 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады