Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 1/205 қаулысы

      Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына енгізу:

      1) "Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/82 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:

      8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Алматы қаласы, 050001, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.";

      16 тармақтың 42) тармақшасы алынып тасталсын;

      16 тармақтың 48) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "48) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;";

      16 тармақ келесі мазмұндағы 51) тармақшамен толықтырылсын:

      "51) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау.";

      2) "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/238 келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:

      8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Алматы қаласы, 050001, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.";

      15 тармақ келесі мазмұндағы 63), 64), 65) тармақшалармен толықтырылсын:

      "63) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      64) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;

      65) қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында және мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты медициналық қамтамасыз етуді үйлестіру;".

      3) "Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 9 тамыздағы № 3/380 келесі өзгерістер мер толықтырулар енгізілсін:

      "Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:

      8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Алматы қаласы, 050040, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 303.".

      14 тармақ келесі мазмұндағы 23), 24) тармақшалармен толықтырылсын:

      "23) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      24) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау.".

      2. Алматы қаласының мемлекеттік активтер, қоғамдық денсаулық сақтау, дін істері жөніндегі басқармалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) тіркеуші органға коммуналдық мемлекеттік мекемелердің Ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы хабарлауды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады