Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын) ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы" 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/975 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 19 ақпандағы № 1/98 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 ақпанда № 1753 болып тіркелді

      Алматы қаласы әкімдігінің ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын) ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/975 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 906 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын) ұйымдастыру ережесі:

      келесі мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Коммуналдық ақылы автотұрақтың (автотұрақ) көк түсті жол белгілері бар.";

      11 тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы екінші азат жолмен толықтырылсын:

      "Коммуналдық ақылы автотұрақтың (автомобиль қоятын орын) көк түсті жол белгілері бар.";

      12 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "12. Көшедегі оқшауланған белдеулер шегінде автомобиль жолдарының (көшелер) бойына орналастырылатын тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) көлік құралдарының тұрақтау уақытын есептеуге арналған автоматтандырылған режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен (мобильді кешендер, фото, бейнетіркеу және тұрақтау уақытын есепке алу) жабдықталады.";

      келесі мазмұндағы 13-1 тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Автомобиль жолына іргелес жатқан ашық (сыртқы қоршауларсыз) немесе жабық (сыртқы қоршаулармен) жер учаскелерінде орналастырылатын алаңдық үлгідегі коммуналдық ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар, паркингтер):

      1) автоматты режимде жұмыс істейтін, көлік құралдарының тұрақ уақытын есепке алуға арналған сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптармен (мобильді немесе стационарлық кешендер, фото, бейне тіркеу және тұрақ уақытын есепке алу);

      2) бос орындар санын көрсететін электрондық құрылғылармен жабдықталады.".

      2. "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің орынбасары А. Амрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады