Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 3/478 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17 бабының 1) тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер белгіленсін.

      2. "Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

  Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы "____"__________
№ _____ қаулысымен бекітілген

Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер

№ р/с

Критерий атауы

Иеліктен шығару түрі

1

объектіге әрі қарай бақылау жүргізуге мемлекет мүддесінің болмауы; 
объектіні барынша жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту.

аукцион түрінде сауда-саттық өткізу

2

сату шартын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт кезеңіне объектіге мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттігі (қызмет бейінін сақтау);
объектіні барынша жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту.

тендер түрінде сауда-саттық өткізу

3

сенімгерлік басқарушының, жалға алушының (жалдаушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары талаптарының орындалуына мемлекет тарапынан белгілі бір уақыт кезеңіне бақылауды сақтау қажеттілігі.

тікелей атаулы сатылым

4

объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі;
шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі

қор биржасында сауда-саттық өткізу

5

акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі ақцияларына құқығын растайтын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.

туынды бағалы қағаздарды сату

6

жекешелендіру объектілерін сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнінде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі;
бағаның және (немесе) жекешелендірудің өзге де шарттарының басымдығын айқындайтын қаржы кеңесшісінің қатысуымен сауда-саттық жүргізу қажеттілігі

екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады