Алматы қаласының есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 4/560 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабы 1 тармағының 34) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №292 бұйрығымен бекітілген Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11017 болып тіркелген) Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін Алматы қаласы бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бекітілсін:

      1) 1 қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау бойынша;

      2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес су бұру бойынша.

      2. Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет - ресурсында орналастыруды;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

  Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы "14" қазандағы
№ 4/560 қаулысына
1 қосымша

Алматы қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары

№ р/с

Атауы

Есептегіш

тәулігіне литр

айына м3

1

Көше колонкаларынан суды талдау

1 адамға

25

0,75

2

Тұрмыстық қажеттіліктер мен санитарлық-гигиеналық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін су тұтыну

1 адамға

500

15,0

3

Апатты үй-жайлары бар, ескірген деп танылған көппәтерлі тұрғын үйлер, суды есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ жалпыға ортақ пайдаланылатын орындары бар жатақханалар

1 адамға

179

5,37

4

Суды тұрмыстық емес пайдалану (жасыл желектерді, көгалдарды, гүлзарларды, бақшаны, тротуар ағаштарын, төсеніштерді және т.б. суару)

* салынбаған жер учаскесінің 1 сотығына

-

10

* Ескерту:
* 6 ай суару кезеңінде 1 сотығын суару алаңының айына м3 көлемі (суару кезеңі 15 сәуірден 15 қазанға дейін). Бұл ретте жасыл желектерді суару уақыты сағат 23.00-ден 05.00-ге дейін рұқсат етіледі.

  Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы "14" қазандағы
№ 4/560 қаулысына
2 қосымша

Алматы қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары

№ р/с

Атауы

Есептегіш

тәулігіне литр

айына м3

1

Суық суды бұру

1 адамға

500

15,0

2

Апатты үй-жайлары бар, ескірген деп танылған көппәтерлі тұрғын үйлер, суды есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ жалпыға ортақ пайдаланылатын орындары бар жатақханалар

1 адамға

179

5,37

3

Ыстық суды бұру

1 адамға

105

3,15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады