"Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, білім беру бағдарламасының әкімші-мекемелерінің мәселелері" Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1999 жылғы 16 ақпандағы № 27 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 34 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 қарашада № 7821-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, білім беру бағдарламасының әкімші-мекемелерінің мәселелері" Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1999 жылғы 16 ақпандағы № 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 62 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінін міндетін атқарушы М. Тасмаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады