Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20/3 және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 415 бірлескен шешімі мен қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 наурызда № 7838-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық өкілетті және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысының тұрақты халқы елу адамнан кем мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктері таратылсын:

      Аққайың ауданы Полтава ауылдық округінің Лесные Поляны ауылы;

      Аққайың ауданы Власов ауылдық округінің Сенное ауылы;

      Аққайың ауданы Иванов ауылдық округінің Үлгі ауылы;

      Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің Калиновка ауылы;

      Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің Славянка ауылы;

      Есіл ауданы Заречный ауылдық округі Қарағаш ауылының құрамына енгізе отырып, Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің Алқа ауылы;

      Есіл ауданы Заречный ауылдық округі Чириковка ауылының құрамына енгізіле отырып, Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің Гурьяновка ауылы;

      Есіл ауданы Петров ауылдық округі Петровка ауылының құрамына енгізе отырып, Есіл ауданы Петров ауылдық округінің Жекекөл ауылы;

      Есіл ауданы Петров ауылдық округі Петровка ауылының құрамына енгізе отырып, Есіл ауданы Петров ауылдық округінің Оседлое ауылы;

      Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округі Бесқұдық ауылының құрамына енгізе отырып, Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің Тамамбай ауылы;

      Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округі Леонидовка ауылының құрамына енгізе отырып, Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің Новоузенка ауылы;

      Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының құрамына енгізе отырып, Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің Суаткөл ауылы;

      Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының құрамына енгізе отырып, Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің Амангелді ауылы;

      Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі Мирное ауылының құрамына енгізе отырып, Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің Рождественка ауылы;

      Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің Благовещенка ауылының құрамына енгізе отырып, Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің Богдановка ауылы;

      Жамбыл ауданы Троицк ауылдық округі Троицкий ауылының құрамына енгізе отырып, Жамбыл ауданы Троицк ауылдық округінің Орталық ауылы;

      Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округі Пресноредуть ауылының құрамына енгізе отырып, Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округінің Ястребинка ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі Конюхов ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің Камышлов ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі Возвышенка ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округінің Изобильное ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі Александровка ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округінің Алуа ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округі Бастомар ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округінің Екатериновка ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі Таман ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округінің Сейфолла ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі Хлебороб ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округінің Мичурин ауылы;

      Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округі Сумное ауылының құрамына енгізе отырып, Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округінің Исаковка ауылы;

      Қызылжар ауданы Бугров ауылдық округінің КраснопҰровка ауылы;

      Мамлют ауданы Белов ауылдық округі Чистое ауылының құрамына енгізе отырып, Мамлют ауданы Белов ауылдық округінің Сливное ауылы;

      Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі Новомихайловка ауылының құрамына енгізе отырып, Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің Катанай ауылы;

      Мамлют ауданы Пригородный ауылдық округі Покровка ауылының құрамына енгізе отырып, Мамлют ауданы Пригородный ауылдық округінің Красный Октябрь ауылы;

      Мамлют ауданы Пригородный ауылдық округі Покровка ауылының құрамына енгізе отырып, Мамлют ауданы Пригородный ауылдық округінің 2591 км аялдама пункті;

      Мамлют ауданы Станов ауылдық округі Афонькин ауылының құрамына енгізе отырып, Мамлют ауданы Станов ауылдық округінің Новоукраинка ауылы;

      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Возвышен ауылдық округі Чернозубовка ауылының құрамына енгізе отырып, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Возвышен ауылдық округінің Құйған ауылы;

      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округі Червонное ауылының құрамына енгізе отырып, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінің Ұзынкөл ауылы;

      Тайынша ауданы Киров ауылдық округі Киров ауылының құрамына енгізе отырып, Тайынша ауданы Киров ауылдық округінің Восточное ауылы;

      Тайынша ауданы Киров ауылдық округі Киров ауылының құрамына енгізе отырып, Тайынша ауданы Киров ауылдық округінің Мирное ауылы;

      Тайынша ауданы Киров ауылдық округі Киров ауылының құрамына енгізе отырып, Тайынша ауданы Киров ауылдық округінің Трудовое ауылы;

      Тайынша ауданы Красная Поляна ауылдық округі Черниговка ауылының құрамына енгізе отырып, Тайынша ауданы Красная Поляна ауылдық округінің Глубокое ауылы;

      Тайынша ауданы Рощинское ауылдық округі Рощинское ауылының құрамына енгізе отырып, Тайынша ауданы Рощинское ауылдық округінің Комсомольское ауылы;

      Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі Чермошнянка ауылының құрамына енгізе отырып, Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің Теңіз ауылы;

      Тимирязев ауданы Ақжан ауылдық округі Ақжан ауылының құрамына енгізе отырып, Тимирязев ауданы Ақжан ауылдық округінің Приозерное ауылы;

      Тимирязев ауданы Докучаевка ауылдық округі Докучаев ауылының құрамына енгізе отырып, Тимирязев ауданы Докучаевка ауылдық округінің Северное ауылы;

      Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі Өндіріс ауылының құрамына енгізе отырып, Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округінің Жұмысшы ауылы;

      Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі Көктерек ауылының құрамына енгізе отырып, Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округінің Қарамырза ауылы;

      Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округі Қаратерек ауылының құрамына енгізе отырып, Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округінің Малқара ауылы;

      Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округі Ұзынжар ауылының құрамына енгізе отырып, Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округінің Құртай ауылы;

      Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округінің Тельманово ауылы.

      2. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары облыстың және ауданның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Г. Нурмухамбетов
      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады