Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 9-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданды мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 16-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 15 наурызда № 7716-15 болып тіркелді

      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 9-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7599-15 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      8-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне –35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

       Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      8-тармақ 9) тармақшасымен келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "9) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне:

      Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, оларға қатысты қылмыстық істерді қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.";

      11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ескерілмей мұқтаж азаматардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға тіс протездеу ақысын төлеуге, бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын мөлшерде, бағалы металдар мен металл-керамикадан, металл-акрилден жасалған протездерден басқа, осы қызметті көрсетуге лицензиясы бар ұйымның ұсынылған шот-фактурасына сәйкес, жылына 1 рет;

      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторий-курорттық ем алуға, өтініш берушінің санаторлық-курорттық картаны, санаторлық-курорттық ұйымның шот-фактурасын ұсына отырып, санаторлық-курорттық емделудің құны мөлшерінде тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, жылына 1 рет;

      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға, осы санаттағы адамдардың растайтын құжат бойынша коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға – 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына 1 рет;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауруханаға жатқызу орнына дейін және кері қарай көрсетілген көлік құралдарының бір түріне жөнелту станциясынан темір жол, автомобиль жолаушылар көлігімен жол жүру ақысын төлеуге (таксиден басқа) ауруханаға жатқызу фактісін растайтын көшірме немесе басқа құжат, жылына 1 рет;

      қозғалуында қиындығы бар 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін жеке көмекшілерге немесе азаматтарға санаторлық-курорттық емделуге мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жолдама берілген, ілесіп жүретін адамның санаторийде тұрғаны үшін төлемді растайтын құжатқа (шот-фактура немесе төлем туралы чек) сәйкес – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада, жылына 1 рет.";

      14-тармақтың екінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының төрағасы
С. Баумаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады