"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі №54/340 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/198 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 14 ақпанда № 7684-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты, ШЕШІМ ҚАБЫЛАДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 54/340 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6582 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында 1 және 2 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар, олардың шекті толтырылу нормалары:

      1) Явленка ауылы, Ысқақ Ибраев көшесіндегі "Болашақ" мәдениет және демалыс саябағына қарама-қарсы алаң. Шекті толтыру нормасы - 150 адам;

      2) Явленка ауылы, "Болашақ" мәдениет және демалыс саябағының алаңы, Ысқақ Ибраев көшесінің кіреберісі. Шекті толтыру нормасы - 50 адам;

      3) Явленка ауылы, Гагарин даңғылының қиылысынан Коваленко көшесімен, Мақтай Сағдиев көшесімен "Болашақ" мәдениет және демалыс саябағының алдындағы алаңға дейін жүру бағыты. Шекті толтыру нормасы - 150 адам. Жүру маршрутының ұзындығы - 500 метр;

      4) Явленка ауылы, Коваленко-Бейбітшілік көшелерінің қиылысынан, Бейбітшілік көшесімен, Тәуелсіздік көшесімен, Мақтай Сағдиев көшесімен, Ысқақ Ибраев көшесімен "Болашақ" мәдениет және демалыс саябағының алаңына дейін жүру бағыты. Шекті толтыру нормасы - 150 адам. Жүру маршрутының ұзындығы – 2 000 метр.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды пайдалану тәртібі.

      Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, басқа жерлерде бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді.

      Бейбіт жиналыстар 9 сағаттан ерте басталып, бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша 20 сағаттан кешіктіріле алмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындарды қоспағанда, бір объектіде бір уақытта бір жерде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындарды қоспағанда, пикеттің ұзақтығы бір объектінің жанында бір жерде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

      Төтенше, әскери жағдай немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде мамандандырылған орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектелуі мүмкін.

      Бейбіт жиналыстар өткізу үшін мамандандырылған орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.

      Осы тәртіппен реттелмейтін қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Е. Туткушев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/198
  Шешімне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 54/340
  шешіміне 2-қосымша

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады