"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 147 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 293 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 қазанда № 7817-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7507-15 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген).".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жауапкершілік Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі
      А. Бектасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады