"Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Парламентіне, облыстық және аудандық Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттармен кездесу үшін үй-жайды анықтау жөнінде" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 208 қаулысымен бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 9/39 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/11 бірлескен шешімі және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 377 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 6 қаңтарда № 7847-15 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Парламентіне, облыстық және аудандық Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттармен кездесу үшін үй-жайды анықтау жөнінде" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 208 қаулысымен бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 9/39 шешімінің күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-7-55 болып тіркелді).

      2. Осы әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі А. Бектасов
      Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л. Топорова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады