Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 7-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 12-23 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 28 ақпанда № 7695-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 7-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7614-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      6-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға қарай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға қарай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға қарай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға қарай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға қарай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе басқа да мемлекеттерде ұрыс қимылдары жүргізілген әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне –35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға қарай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      6-тармақ 9) тармақшасымен келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "9) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне:

      Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, оларға қатысты қылмыстық істерді қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.";

      7-тармақтың 3)-тармақшасы келесі мазмұнда жазылсын:

      "3) әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тіршілік әрекетінің шектелуі бір жолғы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сонымен қатар:

      медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес амбулаториялық бақылаудағы қатерлі ісіктері бар азаматтарға бір жолғы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, қайта ұсынылмайды;

      Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы ұсынатын тізімдер негізінде, қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын диспансерлік есепте тұрған адамдарға ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын медициналық мекеменің анықтамасы негізінде тұрақты күтім және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар, жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;";

      9-тармақтың 3 абзацы келесі мазмұнда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға жалпы аурудан бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға және жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар балаларға Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторий-курорттық ем алуға, санаторий-курорттық картадан көшірме ұсынымен өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-алдын алу мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, жылына 1 (бір) рет санаторий-курортық емдеу құны мөлшерінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі-Премьер-Министр орынбасарының "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32988 болып тіркелген) мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеу түрінде медициналық оңалту берілмеген жағдайда, жалпы аурудан бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларына сәйкес санаторий-курорттық емдеуді алмаған жағдайда әлеуметтік көмек жылына 1 (бір) рет іске асырылады;

      9-тармақтың 5 абзацы келесі мазмұнда жазылсын:

      абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) жеке көмекшінің еріп жүруіне, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде жылына (бір) рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын кұқыктық қатынастарға таратылады.

      Мағжан Жұмабаев ауданы маслихатының депутаты Е. Бакиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады