"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын анықтау және бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 348 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 қазанда № 7809-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын анықтау және бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 232 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7550-15 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Занының 27- бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Альжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады