Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2024 жылға салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрттен) 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | А. Асанова |