Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 31/4 "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының және ауылдық елді мекендерінің жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5068 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 4-қосымшасында:
"Кривощеков ауылдық округі" бөлімінде:
"Кривощеков ауылдық округі" сөздері "Арай ауылдық округі" сөздеріне алмастырылсын;
1 реттік нөмірі жолында "Кривощеково ауылы" сөздері "Арай ауылы" сөздеріне алмастырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы |
К. Жангужинов |