2025 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 20 қарашадағы № 24/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 қарашада № 7827-15 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2025 жылға салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы
мәслихатының төрағасы
К. Жангужинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады