Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 47 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 наурызда № 5142-06 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 98 "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3516 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Атырау облыстық мәслихаты

  Атырау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 29 ақпандағы
№ 47 қаулысына қосымша

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      аурухананың, емхананың, диспансердің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының, туберкулезге қарсы санаторийдің, паллиативтік көмек ауруханасының;

      аурухананың, емхананың, диспансердің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының, туберкулезге қарсы санаторийдің, паллиативтік көмек ауруханасының (әкімшілік-шаруашылық бөлік бойынша басшының орынбасарынан басқа);

      құрылымдық бөлімшелер бөлімшесінің, қызметінің, бөлімінің (оқу-қосалқы, медициналық статистика, ұйымдастырушылық-әдістемелік және статистикалық, ақпараттық-талдау, педагогикалық) басшысы, клиникалық (сәулелі диагностика, функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік денешынықтыру, стоматология кабинеті немесе бөлімшесі) және параклиникалық бөлімшелерінің (зертханалардың) меңгерушілері;

      дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;

      барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      мейіргер, провизор (фармацевт);

      денсаулық сақтау сарапшы маманы, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер, психолог маманы;

      фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), рентген зертханашысы, медициналық тіркеуші, диеталық мейіргер, нұсқаушы-дезинфектор;

      әлеуметтік қызметкер.

      2. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме басшысы;

      Мансап орталығының басшысы;

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасарынан басқа);

      Мансап орталығының сектор басшысы;

      Мансап орталығы бөлімінің басшысы;

      барлық мамандықтағы дәрiгерлер;

      емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер;

      психолог, дефектолог;

      еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші;

      Мансап орталығының ассистенті.

      3. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинеттерінің, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы;

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары, бас бухгалтері, бас экономист;

      кітапхана басшысы (меңгерушісі);

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушысы, оның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушы-шебері;

      мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі ;

      тәрбиелеуші, тәрбиелеуші-ана, әдiскер (негізгі қызметтердің), дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің), музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, жаттықтырушы-оқытушы, әлеуметтік педагог, логопед, психолог, зертханашы;

      педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда);

      барлық мамандықты дәрігерлер, мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике;

      оқу-өндіріс шеберхананың басшысы (меңгерушiсi);

      кітапханашы, бухгалтер, экономист, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, программист;

      шаруашылық меңгерушісі.

      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары (әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының (директорының) орынбасарынан басқа);

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас: қор сақтаушы, суретші;

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның сектор басшысы;

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;

      музейлер қорын есепке алу архивисті, тарихшы (негізгі қызметтер), өнертанушы, палеограф, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), экскурсовод;

      археограф (негізгі қызметтер), архивист, суретші – реставратор.

      5. Спорт мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасарынан басқа);

      аға жаттықтырушы;

      барлық мамандықтағы дәрігер;

      (мамандандырылған) медициналық бике/аға;

      әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы;

      нұсқаушы-спортшы, нұсқаушы (нұсқаушы-спортшыдан басқа).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады