Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 98 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 мамырда № 3516 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 47 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 29.02.2024 № 47 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына және VI шақырылған облыстық мәслихаттың III сессиясының 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 20-VI "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы" шешіміне сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.

      3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев
      "Келісілді"
Атырау облыстық мәслихаты
сессиясының төрайымы
___________________________ Л. Ли
___________________ 2016 жыл
      "Келісілді"
Атырау облыстық
мәслихатының хатшысы
___________________________ C. Лұқпанов
___________________ 2016 жыл

  Атырау облыстық әкімдігінің 2016 жылғы "11" мамырдағы № 98 қаулысына қосымша

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ

1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      аудандық (қалалық) аурухананың, аудандық (қалалық) емхананың, аудандық (қалалық) диспансердің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының, туберкулезге қарсы санаторийдің, паллиативтік көмек ауруханасының, жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы;

      аудандық (қалалық) аурухананың, аудандық (қалалық) емхананың, аудандық (қалалық) диспансердің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының, туберкулезге қарсы санаторийдің, паллиативтік көмек ауруханасының, жедел медициналық жәрдем станциясының басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлік бойынша басшының орынбасарынан басқа);

      құрылымдық бөлімшелер бөлімшесінің, қызметінің, бөлімінің (оқу-қосалқы, медициналық статистика, ұйымдастырушылық-әдістемелік және статистикалық, ақпараттық-талдау, педагогикалық) басшысы, клиникалық (сәулелі диагностика, функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік денешынықтыру, стоматология кабинеті немесе бөлімшесі) және параклиникалық бөлімшелерінің (зертханалардың) меңгерушілері;

      дәріхана меңгерушісі (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің);

      барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      мейіргер, провизор (фармацевт);

      денсаулық сақтау сарапшы маманы, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер, психолог маманы;

      фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), рентген зертханашысы, медициналық тіркеуші, диеталық мейіргер, нұсқаушы-дезинфектор;

      әлеуметтік қызметкер.

2. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер басшысы;

      психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлік бойынша басшының орынбасарынан басқа);

      барлық мамандықтағы дәрiгерлер;

      емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық),

      мейіргер;

      психолог, дефектолог;

      еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман; мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші.

3. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлік бойынша басшының орынбасарынан басқа);

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация басшысы;

      мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері;

      тәрбиелеуші, тәрбиелеуші-ана, әдiскер (негізгі қызметтердің), дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің), музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтiк педагог, жаттықтырушы-оқытушы;

      оқу-өндіріс шеберхананың басшысы (меңгерушiсi).

4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлік бойынша басшының орынбасарынан басқа);

      ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас: қор сақтаушы, суретші;

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын сектор басшысы;

      ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлім басшысы;

      музейлер қорын есепке алу архивисті, тарихшы (негізгі қызметтер), өнертанушы, палеограф, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), экскурсовод;

      археограф, архивист, суретші – реставратор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады