Атырау қаласы Мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 55 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 120 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 маусымда № 5213-06 болып тіркелді

      Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласы Мәслихатының 2023 жылғы 17 қыркүйектегі № 55 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5086-06 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнайы комиссия-мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Атырау қаласы әкімдігінің қаулысымен құрылатын комиссия;";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - "Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;";

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп – қарау жүргізу үшін Атырау қаласы әкімдігінің қаулысымен құрылатын арнаулы комиссия;";

      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қатерлі ісіктер бойынша денсаулық сақтау ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған адамдарға Үлгілік қағиданың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қоса бере отырып, өтініш негізінде жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай бір рет -20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған, қатерлі ісіктермен байланысты аурулары бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне Үлгілік қағиданың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қоса бере отырып, өтініш негізінде жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай бір рет - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      9 тармақтағы "уәкілетті ұйымның" деген сөздер "Мемлекеттік корпорациясының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы Б. Мурзагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады