Махамбет аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 366 "Махамбет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 наурыздағы № 104 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 наурызда № 5152-06 болып тіркелді

      Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Махамбет аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 366 "Махамбет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4495 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 2-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Мажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады