Исатай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 45 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 наурызда № 5163-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 241 "Исатай ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3702 болып тіркелген) және 2017 жылғы 20 маусымдағы № 116 "Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 241 "Исатай ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3926 болып тіркелген) кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімінің орынбасары Р.Мукановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады