Исатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 284-V "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 78-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 сәуірде № 5180-06 болып тіркелді

      Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Исатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 284-V "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3395 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Рахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады