Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 17847 тіркелген) сәйкес Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Исатай ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм) бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (Р.Муканов) жүктелсін.
3. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудан әкімі | Н. Мусин |
Исатай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 179 қаулыға қосымша |
Исатай ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері К(айм)
р/с | Елді мекеннің атауы | Салық салу объектісінің елді мекендегі орналасуы | Аймаққа бөлу коэффициенттері К(айм) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Аққыстау ауылдық округі | Аққыстау ауылы | 2 |
Өркен ауылы | 1,7 | ||
Томан ауылы | 1,05 | ||
2 | Тұщықұдық ауылдық округі | Тұщықұдық ауылы | 1,55 |
Қызыл үй ауылы | 1,25 | ||
Айбас елді мекені | 0,7 | ||
3 | Қамысқала ауылдық округі | Х.Ерғалиев ауылы | 1,55 |
Жасқайрат ауылы | 1,15 | ||
Ауқайраң елді мекені | 0,7 | ||
4 | Жанбай ауылдық округі | Жанбай ауылы | 1,55 |
5 | Нарын ауылдық округі | Нарын ауылы | 1,45 |
Жаңа Жанбай ауылы | 1,15 | ||
Мыңтөбе елді мекені | 0,7 | ||
6 | Зинеден ауылдық округі | Зинеден ауылы | 1,55 |
Амангелді елді мекені | 0,6 | ||
7 | Исатай ауылдық округі | Исатай ауылы | 1,45 |