Қызылқоға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № ХХХХІ-1 "Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 16-2 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 сәуірде № 5183-06 болып тіркелді

      Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" Қызылқоға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № ХХХХІ-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4493 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген қосымшадағы 2 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға аудандық
мәслихатының төрағасы
Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады